Әлем • 05 Ақпан, 2023

Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф ұзаққа созылған сырқатынан кейін Дубайдағы ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды

Пәкістанның әскер қызметі 2008 жылы биліктен шеттетілген 79 жастағы Мушаррафтың қайтыс болғанын растады. Бұрынғы армия қолбасшысы Дубайда қуғында болған еді.

2013 жылы ол мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен өлім жазасына кесілген. 

Первез Мушарраф 2003-2005 жылдар аралығындағы үш қастандықтан аман қалды. Пәкістанның барлау агенттіктерінің хабарлауынша, тағы 14 қастандық әрекетке тосқауыл қойылған.

Пәкістанның армия, теңіз және әуе күштерінің бас қолбасшылары оның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Первез Мушарраф 2001-2008 жылдар аралығында Пәкістанның президенті болған еді.