Суицид • 06 Ақпан, 2023

Петропавлда суицид жасамақ болған әйел аман қалды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 ақпан күні Петропавл қаласында сағат 20:10 шамасында Ш.Уәлиханов көшесінде тұрғын үйдің үшінші қабатының терезесінен белгісіз әйел секірмек болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда суицид жасамақ болған әйел аман қалды

Абырой болғанда, әйелді патрульдік-постылық қызметте жүрген Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері байқап қалған. Олар аумақты дереу қоршап, азаматшаны құтқару үшін жедел шаралар қабылдаған. 

«Біз көшеде қызметте жүріп, тұрғын үйдің 3 қабатынан секірмек болған азаматшаның іс-әрекеті туралы хабардар болдық. Мен бұл туралы дереу әскери жасақ кезекшісіне хабарладым. 102-ге қоңырау шалып, уақытты созу мақсатында оны секіру туралы ойынан айнытуға тырысып, келісімге келдік. Осы кезде жұбайы оны пәтерге кіргізіп үлгерді», деді патрульдік топтың бастығы қатардағы жауынгер Иван Шалавин. 

 

шлОқиға барысында әйел адам ешқандай зардап шеккен жоқ. Бүгінде оқиғаның салдары мен себептері анықталуда.