18 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 573

431 рет
көрсетілді
29 мин
оқу үшін
2014 жылғы 29 мамыр,  Астана, Үкімет Үйі Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 29 мамыр №573 қаулысымен бекiтiлген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепарат­тардың құнын арзандату бойынша жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаржы есебінен және шегінде субсидиялар (бұдан әрi – субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды. 2. Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес мынадай бағыттар бойынша: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген гербицидтердің құнын арзандатуға (50 %-ға дейiн); 2) биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың құнын арзандатуға (40 %-ға дейiн) бөлiнедi. 3. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмi негiзiнде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетiлген бағыттарға сәйкес облыстың және Астана мен Алматы қалаларының тиiстi жылға арналған бюджеттерiнде көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады. Бұл ретте, облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергілікті бюджеттерінде көзделетін қаражат көлемі республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті жылға белгіленген, ауыл шаруашылығына бағытталатын ең аз бюджет қаражатының көлемінен төмен болмауы тиіс. 4. Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстардың әкімдері оларды облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша қайта бөле алады. 5. АШТӨ-нің субсидиялар алуға арналған тiзiмiн айқындау үшiн әрбiр ауданда (облыстық маңызы бар қалада, Астана және Алматы қалаларында) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмiнiң шешiмiмен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК) құрылады. ВАК-тің құрамына: 1) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмдiгiнiң, оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң немесе басқармаларының; 2) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық инспекциясының; 3) тиісті облыстың, облыстық маңызы бар қалалардың, Астана және Алматы қалаларының аудандарындағы облыстар, Астана және Алматы қалалары өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалының (бар болса); 4) аграрлық бейіндегі қоғамдық және ғылыми ұйымдардың (бар болса) өкілдері кіреді. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi, ал Астана және Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қала бойынша – қала әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлiмi (бұдан әрi – бөлiм) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады. 6. Бөлiм субсидиялар алу үшiн құжаттарды қабылдаудың басталатын және аяқталатын күнін белгілейді және құжаттарды қабылдау мерзiмi мен басқа да қажеттi мәлiметтердi көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс тәртiбiн жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етедi. 7. Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алқабының болжамды құрылымына қарай) облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгіленеді. 8. Облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісімі бойынша: 1) субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары; 2) субсидияланатын биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың түрлері және биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізушілерден сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған субсидиялар нормалары белгіленеді. 2. Гербицидтердің құнын арзандатуға арналған субсидияларды төлеу тәртiбi 1. Субсидия төлеу шарттары 9. Гербицидтердің құнын арзандатуға арналған субсидиялар ағымдағы жылы гербицид жеткізушілерден гербицид сатып алған АШТӨ-нің және өткен жылдың төртінші тоқсанында шығындарды ішінара өтеуге субсидия алмаған АШТӨ-нің шығындарын iшiнара өтеуге арналады. 10. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрудi (формуляциялауды) және (немесе) сатуды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар гербицид жеткiзушiлер болып табылады. 11. Бюджеттік субсидиялар сатып алынған гербицидтердің 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялардың нормаларына сәйкес мынадай мөлшерде беріледі: 1) отандық өндірістің гербицидтерін сатып алған кезде субсидиялар АШТӨ-ге сатып алынған гербицид құнының 50 %-на дейінгі мөлшерде төленеді; 2) шетелдік өндірістің гербицидтерін сатып алған кезде субсидиялар АШТӨ-ге сатып алынған гербицид құнының 30 %-на дейінгі мөлшерде төленеді. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген гербицидтер түрлеріне арналған субсидиялар нормаларын белгілеген кезде гербицид жеткізушілер сататын шетелдік өндірістің гербицидтерінің құны ұқсас отандық өндірістің гербицидтерінің құнынан аспауы тиіс, отандық және шетелдік өндіріс гербицидтеріне арналған субсидиялар мөлшерлері арасындағы айырмашылық осы тармақта белгіленген айырмашылыққа барабар сәйкес болуы тиіс. 12. Осы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарында белгіленген шарттарды АШТӨ-нің сақтамауы облыстың (Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрi – басқарма) төленген субсидияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріп алуы үшін негіз болып табылады. 2. Қажетті құжаттар тізбесі 13. АШТӨ бөлiм белгілеген мерзімдерде бөлiмге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған АШТӨ тізіміне (бұдан әрі – АШТӨ тізімі) қосуға өтінім береді, бұл ретте бір уақытта гербицидтерді жеткізуші берген шот-фактуралар мен тауарлық-көліктік жүкқұжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. Өтінім қабылданған күні АШТӨ-ге өтінімнің қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Қосымша қаражат бөлінген жағдайда, бөлім жоғарыда көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінімдерді қосымша қабылдауды бөлім белгілеген мерзімде жүзеге асырады. 14. Осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес субсидиялар алатын, гербицидтердің құнын шартта айтылған мерзімдерде төлейтін АШТӨ де бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізіледі. 15. Мынадай жағдайларда: 1) тиісті түрде ресімделмеген өтінім берілгенде; 2) өтінім берудің осы Қағидалардың 6 және 13-тармақтарында белгіленген мерзімі бұзылғанда субсидиялар берілмейді. 3. ВАК-тың жұмыс тәртібі 16. Бөлiм құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды өңдеудi жүзеге асырады және ВАК-тың қарауына ұсынады. 17. ВАК сегіз жұмыс күнi iшiнде бөлiм ұсынған құжаттарды қарайды және тиесiлi субсидиялар сомасын көрсете отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ тiзiмiн қалыптастырады және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiне, ал Астана мен Алматы қалалары бойынша – қала әкiмiне бекiтуге жiбередi. Бұл ретте, субсидиялауға жататын гербицидтердiң көлемi бөлiнген бюджет қаражаты мен әрбiр АШТӨ-нiң егiс алаңдарының мөлшерi ескерiле отырып, АШТӨ-нiң өтiнiмдерiне барабар белгiленедi. Аталған АШТӨ тiзiмiне қосудан бас тартылған жағдайда, бөлiм АШТӨ-ге тiзiм жасалған сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей бас тарту себебiн көрсете отырып, жазбаша хабарлама бередi. 18. Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана, Алматы қалалары) әкiмi екi жұмыс күнi iшiнде АШТӨ тiзiмiн бекiтедi. 19. Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкімі АШТӨ тізімін бекіткеннен кейін бөлім ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, АШТӨ тізімін орналастырады және оны басқармаға ұсынады. 20. АШТӨ өтiнiм берiлген гербицидтер көлемiн сатып алудан немесе өтеуден бас тартқан жағдайда, ВАК осы гербицидтер көлемiн АШТӨ тiзiмiне енгізілген басқа АШТӨ арасында әрбiр АШТӨ-нiң егiс алаңдарының мөлшерiне қарай қайта бөледi. 4. Субсидия төлеу тәртібі 21. Бөлiм тізімді ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде басқарма осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылы және өткен жылдың төртінші тоқсанында гербицидтер жеткізушіден сатып алынған гербицидтер шығындарын өтеуге арналған АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмiн жасайды. 22. Гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтерге субсидиялар алу үшiн басқарма АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмдерi негiзiнде оларды жасағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ-ге субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады. 23. Тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банк шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті айдың 30-күніне дейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарымен қоса төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну арқылы жүзеге асырады. Бұл ретте, тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банк шоттарына желтоқсан айында аударуды басқарма тиісті жылдың 20 желтоқсанына дейін жүзеге асырады. 24. Басқарма тиiстi жылдың 5 шiлдесiне және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi органға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат бередi. 3. Биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу тәртiбi 1. Субсидия төлеу шарттары 25. Субсидиялар биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілерден өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды сатып алған кездегі шығындарын арзандату (40 %-ға дейін) үшін АШТӨ-ге арналады. 26. Биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізуші арнайы жарақтандырылған өндірістік биозертханалары мен биофабрикалары бар Қазақстан Республикасында биоагенттерді (энтомофагтарды) өндіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар және/немесе биоагенттерді (энтомофагтарды) өткізуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. 27. Бюджеттік субсидиялар жеткізушілерден сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған субсидиялардың нормаларына сәйкес беріледі. 2. Қажетті құжаттар тізбесі 28. АШТӨ бөлiм белгілеген мерзімдерде бөлiмге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған АШТӨ тізіміне (бұдан әрі – АШТӨ тізімі) қосуға өтінім береді, бұл ретте бір уақытта биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізуші берген шот-фактуралар мен тауарлық-көліктік жүкқұжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. Өтінім қабылданған күні АШТӨ-ге өтінімнің қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Қосымша қаражат бөлінген жағдайда, бөлім жоғарыда көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінімдерді қосымша қабылдауды бөлім белгілеген мерзімде жүзеге асырады. 29. Осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес субсидиялар алатын, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын шартта айтылған мерзімдерде төлейтін АШТӨ де бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізіледі. 30. Мынадай жағдайларда: 1) тиісті түрде ресімделмеген өтінім берілгенде; 2) өтінім берудің осы Қағидалардың 28 және 29-тармақтарында белгіленген мерзімі бұзылғанда субсидиялар берілмейді. 3. ВАК-тың жұмыс тәртібі 31. Бөлiм құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды өңдеудi жүзеге асырады және ВАК-тың қарауына ұсынады. 32. ВАК сегіз жұмыс күнi iшiнде бөлiм ұсынған құжаттарды қарайды және тиесiлi субсидиялар сомасын көрсете отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ тiзiмiн қалыптастырады және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiне, ал Астана мен Алматы қалалары бойынша – қала әкiмiне бекiтуге жiбередi. Бұл ретте, субсидиялауға жататын биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың көлемi бөлiнген бюджет қаражаты мен әрбiр АШТӨ-нiң егiс алаңдарының мөлшерi ескерiле отырып, АШТӨ-нiң өтiнiмдерiне барабар белгiленедi. Аталған АШТӨ тiзiмiне қосудан бас тартылған жағдайда, бөлiм АШТӨ-ге тiзiм жасалған сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей бас тарту себебiн көрсете отырып, жазбаша хабарлама бередi. 33. Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана, Алматы қалалары) әкiмi екi жұмыс күнi iшiнде АШТӨ тiзiмiн бекiтедi. 34. Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкімі АШТӨ тізімін бекіткеннен кейін бөлім ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, АШТӨ тізімін орналастырады және оны басқармаға ұсынады. 35. АШТӨ өтiнiм берiлген биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар көлемiн сатып алудан немесе өтеуден бас тартқан жағдайда, ВАК осы биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар көлемiн АШТӨ тiзiмiне енгізілген басқа АШТӨ арасында әрбiр АШТӨ-нiң егiс алаңдарының мөлшерiне қарай қайта бөледi. 4. Субсидия төлеу тәртібі 36. Бөлім тізімді ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде басқарма осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылы биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар жеткізушіден биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар сатып алған және өткен жылдың төртінші тоқсанында шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алмаған АШТӨ шығындарын ішінара өтеуге арналған АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмiн жасайды. 37. Биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар жеткiзушiлерден сатып алынған биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға субсидиялар алу үшiн басқарма АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмдерi негiзiнде оларды жасағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ-ге субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады. 38. Тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банк шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті айдың 30-күніне дейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарымен қоса төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну арқылы жүзеге асырады. Бұл ретте, тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банк шоттарына желтоқсан айында аударуды басқарма тиісті жылдың 20 желтоқсанына дейін жүзеге асырады. 39. Басқарма тиiстi жылдың 5 шiлдесiне және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi органға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат бередi. Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша __________________________________________________________________ (облыс, аудан, қала әкiмдiгiнiң толық атауы) __________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Өтінім ______ л ( кг) көлемiнде ______________________________________________, (гербицид түрi) ______ л (кг) көлемiнде _______________________________________________, (гербицид түрi) ______ л (кг) көлемiнде ______________________________________________ , (гербицид түрi) гербицидтер сатып алу үшiн субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмiне қосуды сұраймын. Р/с № Деректер көзі Қажетті мәліметтер Деректер 1 2 3 4 1. Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама – заңды тұлға үшін тіркеу нөмірі тіркеу күні атауы орналасқан жері мемлекеттік тіркеу күні кім берді 2. Жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшiн жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі ЖСН кім берді берілген күні Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк – жеке тұлға үшiн орналасқан жері тіркеу күні кім берді 3. Жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық актінің нөмірі кадастрлық нөмірі 1 2 3 4     белгiлейтiн құжат барлық ауданы, га оның ішінде егістік нысаналы мақсаты сәйкестендiру құжатының нөмірі мен берілген күні кім берді жер пайдаланушының атауы 4.   Ағымдағы шоттың болуы туралы екінші деңгейдегі банктiң анықтамасы ЖСК Кбе Банктің деректемелері: банктің атауы БСК К/ш БСН Кбе 5.     Сәйкестiк сертификаты (Қазақстан Республикасында өндірілген сатып алынған гербицидтерге) сертификаттың әрекет ету мерзімі нөмірі сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел) өтініш беруші (атауы, мекенжайы) кім берді 6. Шығу тегінің сертификаты/ сапа сертификаты (импорттық гербицидтерге гербицидтерді өңдірушінің) экспорттаушы/жүк жөнелтуші импортшы/жүк алушы тауардың атауы берілген күні мен орны 7. Гербицидтер жеткізушілердің мемлекеттік лицензиясы (пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) және өткізу жөніндегі қызметпен айналысуға) лицензияның нөмірі толық атауы орналасқан жері лицензияның түрі кіші қызмет түрінің (әрекет) атауы кім берді берілген күні Ауылшаруашылық дақылдың атауы Алаңы, га 1 га-ға гербицидтерді қолданудың ғылыми ұсынылған нормалары Өңделетін алаңның көлемi, га Гербицид түрі (л, кг) 1 2 3 4 5 Ұсынылған ақпараттың дәйектілігін растаймын және дәйекті емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. ______________________________________________________ _____________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Басшысы ______________________________________________ _____________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Мөр орны 20__ жылғы «___»______________ Өтiнiм қарауға 20__жылғы «___»____________ қабылданды ____________________________________________________________________ (өтiнiштi қабылдаған жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша «Бекiтемiн» ________________________________________ (облыстың атауы) ________________________________________ аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмi ________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрi) 20__жылғы «__» ____________________ Бюджеттік субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмi ағымдағы жылы гербицидтер жеткізушіден гербицидтер сатып алған АШТӨ және өткен 20__ жылғы төртінші тоқсанда шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алмаған АШТӨ шығындарын ішінара өтеуге арналады Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң атауы ЖСН/ БСН Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң ағымдағы шоты Гербицид түрi Сатып алынған гербицидтердің көлемi, (л, кг) 1 л (кг) гербицидтердің құны, теңге Өтелуi тиiс сома, теңге БСК ЖСК 1 2 3 4 5 6 7 8 Жиыны: ВАК төрағасы ___________________________________________ ____________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ВАК мүшелері: __________________________________________ ____________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ________________________________________________________ ____________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Мөр орны Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына 3-қосымша Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң жиынтық тiзiлiмi ағымдағы жылы гербицидтер жеткізушіден гербицидтер сатып алған АШТӨ және өткен 20__ жылғы төртінші тоқсанда шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алмаған АШТӨ шығындарын ішінара өтеуге арналады Аудан (қала) Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң атауы ЖСН/БСН Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң ағымдағы шоты Гербицид түрi Сатып алынған гербицидтердің көлемi, (л, кг) 1 л (кг) гербицидтердің құны, теңге Өтелуi тиiс сома, теңге БСК ЖСК 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Жиыны: Басқарманың құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ____________________________________ ____________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына 4-қосымша «Бекiтемiн» _____________облысының (қаласының) басқарма басшысы___________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрi) 20__жылғы «__» ____________________ 20__ жылғы «__» _________ «__» _________ аралығында субсидиялар төлеуге арналған ведомость отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге: Ауданның атауы Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң атауы Гербицид түрi Гербицидтердi сатып алған күні Сатып алынған гербицидтер үшiн шығынды өтеуге нақты берiлген құжаттар, (л, кг) жыл басынан бері 20__ж. «__» – «__» аралығында 1 2 3 4 5 6 Жиыны: кестенің жалғасы 1 л (кг) бюджеттiк субсидиялардың нормативi, теңге Тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасы, теңге Жыл басынан төленгенi, теңге Тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасының қалдығы, теңге 20__ж.«__» ________ төлеуге жататыны, теңге 7 8 9 10 11 Төлеу сомасы ___________ (цифрмен) __________________________ (жазбаша) теңге Басқарманың құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы _____________________________________ ___________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Бас бухгалтер _____________________________________________ __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына 5-қосымша ___________________________________________________________________ (облыс, аудан, қала әкiмдiгiнiң толық атауы) ___________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Өтінім _________грамм (дана) көлемінде _____________________________________ (биоагент түрі) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды сатып алу үшін субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосуды сұраймын. Р/с № Деректер көзі Қажетті мәліметтер Деректер 1 2 3 4 1. Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама – заңды тұлға үшін тіркеу нөмірі тіркеу күні атауы орналасқан жері мемлекеттік тіркеудің күні кім берді 2. Жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжат актінің нөмірі кадастрлық нөмірі барлық ауданы, га оның ішінде егістік нысаналы мақсаты сәйкестендiру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді жер пайдаланушының атауы 3.   1 Ағымдағы шоттың болуы туралы екінші деңгейдегі банктiң анықтамасы 2 ЖСК Кбе Банктің деректемелері: Банктің атауы 3 4   БСК К/ш БСН Кбе Ауылшаруашылық Дақылдың атауы Алаңы, га 1 га биоагенттерді қолданудың ғылыми ұсынылған нормалары Өңделетін алаңның көлемi, га Биоагент түрі (дана, гр) 1 2 3 4 5 Ұсынылған ақпараттың дәйектілігін растаймын және дәйекті емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын _____________________________________________________ _______________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Басшысы _____________________________________________ ______________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Мөр орны 20___ жылғы «___» _______________ Өтінім қарауға 20__ жылғы «___» ___________ қабылданды. ____________________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына 6-қосымша «Бекiтемiн» ________________________________________ (облыстың атауы) ________________________________________ аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмi ________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрi) 20__жылғы «__» ____________________ Бюджеттік субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмi ағымдағы жылы биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізушіден биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар сатып алған АШТӨ және өткен 20__ жылғы төртінші тоқсанда шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алмаған АШТӨ шығындарын ішінара өтеуге арналады Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң атауы ЖСН/БСН Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң ағымдағы шоты Биоагент (энтомофаг) және биопрепарат түрi Сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың көлемi, (грамм, дана) 1 грамм (дана) биоагенттердің (энтомофагтарлың) және биопрепараттардың құны, теңге Өтелуi тиiс сома, теңге БСК ЖСК 1 2 3 4 5 6 7 8 Жиыны: ВАК төрағасы ___________________________________________ ____________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ВАК мүшелері ___________________________________________ ____________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ________________________________________________________ ____________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Мөр орны Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына 7-қосымша Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізілімі ағымдағы жылы биоагенттер (этномофагтар) мен биопрепараттарды жеткізушіден биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар сатып алған АШТӨ эәне өткен 20 __ жылғы төртінші тоқсанда шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алмаған АШТӨ шығындарын ішінара өтеуге арналады Аудан (қала) Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң атауы ЖСН/БСН Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң ағымдағы шоты Биоагент (энтомофаг) және биопрепарат түрi Сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың көлемi, (грамм, дана) 1 грамм (дана) биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құны,теңге Өтелуi тиiс сома, теңге БСК ЖСК 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Жиыны: ВАК төрағасы __________________________________________ _____________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) ВАК мүшелері _________________________________________ ______________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) _______________________________________________________ _____________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Мөр орны Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына 8-қосымша Бекiтемiн» _____________облысының (қаласының) басқарма басшысы___________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), мөрi) 20__жылғы «__» ____________________ 20__ жылғы «__» _________ «__» _________ аралығында субсидиялар төлеуге арналған ведомость отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге: Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң атауы Биоагент (энтомофаг) және биопрепарат түрi Биоагенті (энтомофагті) және биопрепаратті сатып алған күні Сатып алынған биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар үшiн шығынды өтеуге нақты берiлген құжаттар, (грамм, дана) жыл басынан бері 20__ж. «__» ________ «__» аралығында 1 2 3 4 5 Жиыны: кестенің жалғасы 1 грамм (дана) бюджеттiк субсидиялардың нормативi, теңге Тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасы, теңге Жыл басынан төленгенi, теңге Тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасының қалдығы, теңге 20__ ж. «__» ________ төлеуге жататыны, теңге 6 7 8 9 10 Төлеу сомасы __________ (цифрмен) _____________________ (жазбаша) теңге. Басқарманың құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы _____________________________________ ___________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Бас бухгалтер _____________________________________________ __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)