Тағайындау • 06 Ақпан, 2023

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметінің қаулысымен Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

Азамат Бейісбеков 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алған. Ол - Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Кедендік бақылау комитетінің кедендік рәсімдеу маманының міндетін атқарушы болып бастаған.

2009-2011 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Индустриялық саясат және Стратегиялық жоспарлау департаменттерінің сарапшысы, бас сарапшысы болған.

2011-2012 жылдары ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы қызметін атқарған.

2012-2015 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2015-2020 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің консультанты; инспекторы; сектор меңгерушісі болған.

2020-2022 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

Бұған дейін осы лауазымда болған Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.