Спорт • 06 Ақпан, 2023

Оқ атудан әлем кубогі: Қазақстан медаль саны бойынша көш бастады

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезия астанасы Джакартада өткен жарыста ел намысын 15 спортшы қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқ атудан әлем кубогі: Қазақстан медаль саны бойынша көш бастады

Отандық спортшылар 11 медаль (3 алтын, 5 күміс, 3 қола) жеңіп алды. Жалпы әлемдік додаға 32 елден 350 спортшы қатысты. 

Чемпиондық атаққа Никита Чирюкин мен Арина Алтухова және құрамында Александра Ле, Елизавета Безрукова, Анастасия Григорьева өнер көрсеткен әйелдер құрамасы ие болды. 

Айта кетейік, Индонезиядағы Әлем кубогі рейтингтік жарыс болғандықтан, оның қорытындысы бойынша ұпайлар үлестіріліп, командалар ISSF кестесінде көтеріледі. Демек 2024 жылғы Париж Олимпиадасының лицензияларын иеленуге мүмкіндік беріледі.