2014 жылғы 29 мамыр, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабына сәйкес Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру бойынша іс-қимылға жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ауғанстан Ислам Республикасына 2360 м3 көлеміндегі ағаш материалдарды (КО СЭҚ ТН коды 4407 10) әкетуге алты ай мерзімге сандық шектеу белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен келісім бойынша 1-тармақта көрсетілген көлем шегінде лицензиялар беруді жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген көлем шегінде ағаш материалдарын әкетуді бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын хабардар етсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.