Мәліметтерге сәйкес, Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша 09.13-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Гелбашы ауданынан бес шақырым жерде орналасқан.
Еске салайық, дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шеккен. Ең күшті жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апаттардың салдарынан Түркияда көптеген ғимараттар қирады.
Түркия елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар үшін жеті күндік жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Елдегі және көршілес Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 4 мыңнан асты.