Қазақстан • 07 Ақпан, 2023

Асхат Аймағамбетов университетте дәріс оқиды

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Асхат Аймағамбетов М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің оқытушысы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асхат Аймағамбетов университетте дәріс оқиды

Университет бұрынғы Оқу-ағарту министрі олардың ұсынысын неге қабылдағанын түсіндірді.

«Асхат Аймағамбетов білім алушыларымызбен тәжірибе және білім бөлісу үшін біздің ұсынысымызды қабылдады. Оның дәрістері оқу сапасын да, студенттердің жеке дамуын да күшейтетініне сенімдіміз», делінген университет таратқан хабарламада.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, оның білім саласында түрлі ұсыныстары мен алға қойған жоспарлары бар.

«Алдағы жоспарларым туралы жақын арада айтамын. Оқытушылық жұмысты кез-келген жұмыспен біріктіруге болады, сондықтан мен ағартушылық қызметті де жалғастырамын», деді ол.

2022 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Асхат Аймағамбетов ҚР Оқу-ағарту министрі қызметін атқарды. Бұдан бұрын, 2019-2022 жылдары ҚР Білім және ғылым министрі болған.