«Біз қант зауытын салу мәселесін ұзақ талқыладық. Инвестор пайда болған сияқты. Түркияның «Konya» компаниясымен бірлесе отырып, Шуда зауыт саламыз. Қазір жобаны мұқият қарастырып жатырмыз. Қант өнеркәсібін дамыту бағдарламасының өзі 2025 жылға қарай өзіміздің қант өндірісін 270 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді», деді Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте.
Бұған дейін вице-премьер Қазақстанда қантқа қатысты мәселе туындамайды деп уәде берген еді.