Қазақстан • 07 Ақпан, 2023

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияда іздестіру жұмыстарын бастады

88 рет көрсетілді

Бүгін Түркияға жеткен Қазақстан құтқарушылары Ибрахимили ауданында іздестіру жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін таңертең Қазақстаннан құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінен жасақталған 41 адам зілзала салдарын жоюға көмектесу үшін Түркияға аттанды.

ТЖМ құтқарушыларының иелігінде гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

Мро

Түркияға аттанған арнайы топ қажетті жабдықтармен де, құтқару жұмыстарын жүргізуде көп жылдық тәжірибесі бар құтқарушылармен де жабдықталған.

Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, Кинологиялық есептер және апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

Мил

Ұқсас жаңалықтар