Мұғалжар ауданының Құмжарған ауылында алты жылдан бері құрылысы аяқталмай тұрған мектептің ашылу рәсімі өтті. Мектеп құрылысына «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бұрынғы басшылығынан тергеу арқылы өндірілген 196 млн теңге қаржы жұмсалды. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржыны мектеп құрылысына бағыттау жөніндегі тапсырмасы аясында Ақтөбе облысында іске асқан алғашқы іс-шара.

Коллажды жасаған Зәуреш Смағұл, «ЕQ»
Өңірдегі «сақалды құрылыстардың» бірі – Құмжарған мектебі 2017 жылы басталып, 2019 жылдың бірінші жартысында пайдалануға берілуге тиіс еді. Әуелде мемлекеттік сатып алу рәсімі бойынша анықталған бас мердігер – «Сауран Инжиниринг» ЖШС. Мектеп құрылысына жергілікті бюджеттен 294 млн 857 мың теңге бөлінді. Алайда 2020 жылдың 16 қарашасындағы Ақтөбе қалалық сотының шешіміне сәйкес аталған мердігер жосықсыз жеткізуші деп танылды. Осылайша, мектептің жыры алты жылға созылды. Мердігер тұрақтамай, субмердігердің бірі келіп, бірі кетті. Құрылыс материалдарының күрт қымбаттауы білім ошағының дер кезінде аяқталмауының тағы бір себебіне айналды.
Биыл ақпанның алғашқы күні балалары 1979 жылы салынған ескі мектептен жаңа ғимаратқа көшкенде ауыл тұрғындары ерекше қуанып, салтанатты ашылу рәсіміне бірі қалмай келді. Елдің қуанышына Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының міндетін атқарушы Есқали Саламатов ортақтасты.
– Мемлекет басшысы жаңа мерзімдегі бірінші Жарлығында ауылдық аумақтарды дамытуға ерекше назар аударды. Осы тапсырманы орындау мақсатында 2022 жылдың соңында Ақтөбе облысы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Ең бірінші кезекте жұмыссыз, әлеуметтік осал топтағы азаматтардың кәсіптерін ұйымдастырып, тауарлы, қаржылай несие алуына 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Мұнымен бірге ауылдағы шағын жинақты мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру мақсатында «БілімALL» жобасын бастадық. 10 мың ауыл баласына Ақтөбе қаласының үздік мұғалімдері математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі пәні бойынша онлайн дәрістер өткізеді. «БілімALL» жобасына Құмжарған негізгі мектебінің 50 оқушысы қосылды, – деді Ералы Тоғжанов мектептің ашылу рәсімінде.
Есімі белгісіз жемқордан Құмжарған мектебіне қаржы өндіріп берген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі өңірдегі бірнеше күрделі мәселені анықтапты.
– Білім беру ұйымдарының қызметіне байланысты тұрғындар арасында сауалнама өткізіп, жалпы мониторинг жүргіздік. Оның қорытындысы бойынша халықтың ренішін туғызатын және өңірдің әлеуметтік дамуына кері әсер ететін бірнеше себеп анықталды. Дер кезінде аяқталмай жатқан мектеп құрылыстары да біз анықтаған артқа тартушы факторлардың бірі. Жергілікті атқарушылық билік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен шешімдері нәтижесінде Құмжарған мектебінің құрылысы аяқталды, – деді Е.Саламатов.
Айта кету керек, қазіргі уақытта Ақтөбе облысының мектептерінде 17 мың 844 оқушыға орын тапшылығы байқалады.
Ақтөбе облысы
Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:35
Қаржы • Бүгін, 16:10
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті
Мәдениет • Бүгін, 15:53
Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?
Қоғам • Бүгін, 15:49
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 15:38
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:34
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:10
Алматыда қайыр сұрап, құлдықта болған зейнеткерге көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн конкурс өткізіледі
Елорда • Бүгін, 14:51
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
Елорда • Бүгін, 14:43
Әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Алты өңірде АИТВ жұқтыру дерегі артты
Медицина • Бүгін, 14:00
Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
Қаржы • Бүгін, 13:25
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Саясат • Бүгін, 13:20
Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді
Қоғам • Бүгін, 12:55
Астанада студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Елорда • Бүгін, 12:42
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:17
Балаларға арналған тегін үйірмелерге 86,7 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 12:05
Сенаторлар босқындар мәселесін талқылады
Саясат • Бүгін, 11:50
Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді онлайн сатып алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:33
«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:26
Елімізде 9 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:17
Қазақстан елшісі Әзербайжан президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 11:08
Осы аптада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар
Қоғам • Бүгін, 10:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 10:43
Қытайда жұмыссыз жастар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:35
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Әскер • Бүгін, 10:27
Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі
Қоғам • Бүгін, 10:12
«Жолдасымның ғашық болғанын аңғардым» - «Нурикамал» әнінің шығу тарихы
Өнер • Бүгін, 10:03
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:55
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 09:45
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:23
30 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады
Инвестиция • Бүгін, 09:05
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенат • Бүгін, 08:59
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Мәселе • Бүгін, 08:55
Ұқсас жаңалықтар