18 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығы №437

292 рет
көрсетілді
39 мин
оқу үшін
2013 жылғы 26 желтоқсан, Астана қаласы «Отынды дайындау, отынды беру» кәсіби стандартты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған «Отынды дайындау, отынды беру» кәсіби стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ. Есімханов) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М.Жақсалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы А. РАУ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ____________ Т. Дүйсенова 2013 жылғы 10 қаңтар Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы №437 бұйрығымен бекітілген «Отынды дайындау, отынды беру» кәсіби стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Отынды дайындау, отынды беру» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Электр жабдығын жөндеу», «Электр энергиясын өндіру» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және 1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге; 2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге; 3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған. 2. КС негізгі пайдаланушылары: 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер; 2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары; 3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар; 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады. 3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді. 4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы; 2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы; 3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат; 4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар; 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі; 6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі; 7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы; 8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі; 9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі; 10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті; 11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі; 12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы; 13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы; 14) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы; 15) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы; 16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы. 2. КС паспорты 5. КС паспорты келесіні анықтайды: 1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы): Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) 35.11 Электр энергиясын өндіру еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына, қызметкерлердің біліктілік деңгейіне, құзыретіне қойылатын талаптар. 2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: халық шаруашылығы және тіршілікпен қамтамасыз етудің әр алуан салаларында техникалық мүмкін болып табылатын және экономикалық тұрғыда мақсатты түрде жүзеге асырылуы тиіс электр энергиясын өндіру мақсатында, халықтың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігі мақсатында, электр энергиясының қоршаған ортаға тигізетін әсерін төмендету мақсатында отынды дайындау және отынды беру процестерін экономикалық тұрғыда үздіксіз қамтамасыз етуді жүзеге асыру. 3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері. 3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары 1-параграф «Отынды өлшеуші-қабылдаушы» 6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2, СБШ бойынша -2; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 4131 «Отынды өлшеуші-қабылдаушы»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: орамдарды жөндеу және электр жабдығын оқшаулау жөніндегі электр монтері; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – субъектінің барлық қуаттағы жалпы және арнайы мақсаттағы трансформаторлардың үздіксіз орамдарын жөндеу және өндіру процесін, орамдарды жөндеу және оқшаулау процесін, айнымалы және тұрақты тоқты электр машиналарының орамдарын жартылай ауыстыру немесе толығымен қайта орау процесін, мегаомметр және ылғалдылықты бақылау аспабының көмегімен оқшаулау жағдайын анықтау процесін жүзеге асыруы; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Отынды өлшеуші-қабылдаушының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген. 2-параграф «Қазандық торларындағы отынды көсеуші» 7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2, СБШ бойынша -2; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8162 «Қазандық торларындағы отынды көсеуші»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: қазандық торларындағы отынды көсеуші; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің негізгі функцияларды орындаумен байланысты процестерді жүзеге асыруы: әртүрлі жылу өндіру жағдайында қазандыққа отын тиеу және оны қозғау; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын қамтамасыз ету; әртүрлі жылу өндіру жағдайында қазандықтағы отындарды; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Қазандық торларындағы отынды көсеушінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген. 3-параграф «Отынды беру машинисті» 8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-4, СБШ бойынша – 2-4; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8161 «Бөліп таратқыш құрал-жабдықты жөндеу бойынша электр слесарь»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: отынды беру машинисті, автоматтандырылған отынды беру моторшысы; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің негізгі функцияларды жүзеге асырумен байланысты міндеттерді орындауы: әртүрлі өнімділік деңгейіндегі (қатты және сұйық отын) қызмет көрсетіліп отырған отынды беру құрылғысын басқару және оның жұмысын реттеу, оның ішінде басқару қалқаны арқылы; әртүрлі өнімділік деңгейіндегі (қатты және сұйық отын) отынды беру құрылғысының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; әртүрлі өнімділік деңгейіндегі қатты және сұйық отын арқылы отынды беру құрылғысының жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Отынды беру машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген. 4-параграф «Отынды ұсақтау диірменінің машинисті» 9. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-3, СБШ бойынша -2-3; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8112 «Отынды ұсақтау диірменінің машинисті»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: отынды ұсақтау диірменінің машинисті; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің негізгі функцияларды жүзеге асырумен байланысты міндеттерді орындауы: әртүрлі өнімділік деңгейіндегі шаң-тозаң дайындау жүйелерінің (диірмендердің) үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету; диірменнің, желдеткіштердің, сепараторлардың, жетектердің, редукторлардың жұмысын бақылау; шаң-тозаң сынамаларын алу; апатты жағдайларды жоюға қатысу; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Отынды ұсақтау диірмені машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 4-кестесінде келтірілген. 5-параграф «Отынды беру құрылғыларын жөндеу жөніндегі слесарь» 10. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-3, СБШ бойынша -2-3; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7233 «Отынды беру құрылғыларын жөндеу жөніндегі слесарь»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: отынды беру құрылғыларын жөндеу жөніндегі слесарь; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің негізгі функцияларды орындаумен байланысты процестерді жүзеге асыруы: әртүрлі жүргізу және жеткізу квалитеттері бойынша (нақтылық кластарына сәйкес) бөлшектерге слесарьлық өңдеу жұмыстарын жүргізу; отынды беру қосалқы құрылғыларының, жүк көтеретін машиналардың және пневматикалық және электрлендірілген құралдардың, арнайы жабдықтар, құрылғылар мен өлшеу құралдарының негізгі және қосалқы механизмдері мен желілерін ашу, жөндеу, жинау, реттеу және сынақтан өткізу; жүк көтеретін механизмдер және арнайы жабдықтардың көмегімен желілер мен бөлшектерді тігінен және көлденең ауыстыру бойынша такелаждық жұмыстарды атқару; газбен кесу және дәнекерлеу. Отынды беру құрылғыларын жөндеу жөніндегі слесарь жылу электр станциялары мен қазандықтардағы негізгі және қосалқы отынды беру құрылғыларының тиімді қызмет көрсетуі және қызмет етуі үшін тиімді ұйымдастыру, техникалық, технологиялық жағдайларды жасайды; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Отынды беру құрылғыларын жөндеу жөніндегі слесардің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 5-кестесінде келтірілген. 6-параграф «Шаң дайындау цехтарындағы (отынды ұсақтау цехтарындағы) кептіру құрылғыларының машинисті» 11. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3, СБШ бойынша - 3; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8112 «Шаң дайындау цехтарындағы (отынды ұсақтау цехтарындағы) кептіру құрылғыларының машинисті»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: шаң дайындау цехтарындағы (отынды ұсақтау цехтарындағы) кептіру құрылғыларының машинисті; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің негізгі функцияларды орындаумен байланысты процестерді жүзеге асыруы: отынды кептіру технологиялық процесін жүзеге асыру; жұмыс құрылғыларындағы ақаулықтар мен істен шыққан жерлерді анықтау және жөндеу; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Шаң дайындау цехтарындағы (отынды ұсақтау цехтарындағы) кептіру құрылғылары машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 6-кестесінде келтірілген. 7-параграф «Шаң дайындау цехтарындағы (отынды ұсақтау цехтарындағы) шаң сорғыштарының машинисті» 12. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3, СБШ бойынша - 3; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8163 «Шаң дайындау цехтарындағы (отынды ұсақтау цехтарындағы) шаң сорғыштарының машинисті»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: шаң дайындау цехтарындағы (отынды ұсақтау цехтарындағы) шаң сорғыштарының машинисті; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің негізгі функцияларды жүзеге асырумен байланысты міндеттерді орындауы: отынды тасымалдау; механизмдердің (шаң сорғыштарының, кептіргіштердің, компрессорлардың) және өлшеу аспаптарына пайдаланылу қызмет көрсету және жұмысын бақылау; қызмет көрсетіліп отырған құрылғының жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Шаң дайындау цехтарындағы (отынды ұсақтау цехтарындағы) шаң сорғыштары машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 7-кестесінде келтірілген. 8-параграф «Техник-жылу технигі» 13. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4-5, СБШ бойынша - 4-5; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3113 «Техник-жылу технигі»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: техник-жылу технигі; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің негізгі функцияларды жүзеге асырумен байланысты міндеттерді орындауы: оның қарамағындағы құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және бақылауды жүзеге асыру, олардың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету; жаңа технологиялық процестерді ойлап табуға және қолданыстағы процестерді жетілдіру жұмыстарына ат салысу; жұмыс аймағында өзінің қарамағына бекітілген қызметкерлер құрамына жетекшілік ету; техникалық құжаттама жүргізу; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Техник-жылу технигінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 8-кестесінде келтірілген. 9-параграф «Инженер-жылу технигі» 14. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады: 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5-6, СБШ бойынша - 5-6; 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 2143 «Инженер-жылу технигі»; 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: инженер-жылу технигі; 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектінің негізгі функцияларды жүзеге асырумен байланысты міндеттерді орындауы: кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін құрылғыларды пайдалану, кешенді регламенттелген қызмет көрсету жүйелерін енгізу; еңбек процестеріне прогрессивті технологиялық қызмет көрсету және пайдалану, механикаландыру; қызмет көрсетуді ұйымдастыру ісін жетілдіру, құрылғыларды пайдалану, қызметті ұйымдастыру сапасын жақсарту, негізгі қор және ұйым құрылғыларын пайдалану тиімділігін арттыру; өндірісті техникалық дамытуды жоспарлау, негізгі қорларды күрделі жөндеуден өткізу және модернизациялау, өндірістік қуат және оларды пайдалану балансын құру; құрылғылардың мазмұны, стандарттар мен техникалық талаптарды әзірлеу және қолданысқа енгізумен байланысты жұмыстарға қатысу; қызмет көрсету құрылғылары бойынша есеп жүргізу және паспорттау, техникалық құжаттама, белгіленген есептілік жүргізу; қызмет көрсетілетін құрылғылардағы ақаулықтарды жөндеу, жою бойынша ішкі қолданыстағы нормативтік материалдарды әзірлеу; 5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Инженер-жылу технигінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 9-кестесінде келтірілген. 4. КС бірліктерінің тізімі 15. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады. 5. КС бірліктерінің сипаттамасы 16. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген. 6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері 17. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі. 18. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында қарастырылған КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады. 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі 19. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі. 20. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген. «Отынды дайындау, отынды беру» кәсіби стандартына 1-қосымша Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері № р/с Қызмет түрінің атауы Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы СБШ біліктілік деңгейлері БТБА бойынша разряды 1 Отынды салмақтау және өлшеу Отынды өлшеуші-қабылдаушы Отынды өлшеуші-қабылдаушы 2 2 2 Отынды беру, қазандықтарды қозғау Қазандық торларындағы отынды көсеуші Қазандық торларын-дағы отынды көсеуші 2 2-3 3 Отынды беру құрылғысын басқару және оның жұмысын реттеу Отынды беру машинисті Отынды беру машинисті 2-4 2-6 4 Шаң-тозаң дайындау жүйелеріне қызмет көрсету және басқару Отынды ұсақтау диірменінің машинисті Отынды ұсақтау диірменінің машинисті 2-3 2-4 5 Отынды беру құрылғысын жөндеу Отынды беру құрылғыларын жөндеу жөніндегі слесарі Отынды беру құрылғыларын жөндеу жөніндегі слесарі 2-3 2-5 6 Шаң-тозаң дайындау жүйелерінде отынды кептіру процесін жүзеге асыру Шаң дайындау цехтарындағы (отынды ұсақтау цехтарындағы) кептіру құрылғыларының машинисті Шаң дайындау цехтарындағы (отынды ұсақтау цехтарындағы) кептіру құрылғыларының машинисті 3 4 7 Шаң сорғыштарын басқару және оларға қызмет көрсету Шаң дайындау цехтарындағы (отынды ұсақтау цехтарындағы) шаң сорғыштарының машинистінің Шаң дайындау цехтарындағы (отынды ұсақтау цехтарындағы) шаң сорғыштарының машинистінің 3 4 8 Жылу техникалық құрылғысына қызмет көрсету және оны пайдалануды ұйымдастыру Техник-жылу технигі Техник-жылу технигі 4-5 - 9 Отынды дайындау және беру бойынша технологиялық процесті басқару және әзірлеу Инженер – жылу технигі Инженер – жылу технигі 5-6 - Ескертпе: БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, 52-шығарылым, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығымен бекітілген «Отынды дайындау, отынды беру» кәсіби стандартына 2-қосымша 1-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Отынды өлшеуші-қабылдаушының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Жылу электр станциялары, құрамдастырылған өндіріс станциялары, қазандықтар Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсері, өндіріс орнында жарақат алау мүмкіндігі Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес. Жасы 18-ден кем емес, медициналық тексеру, құжатпен расталатын орындалатын жұмысқа сәйкес кәсіби дайындық, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына алдын-ала оқыту. СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 2 Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда еңбек тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындығы (білім беру ұйымы базасынла қысқамерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту) Еңбек өтіліне талап қойылмайды 2-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Қазандық торларындағы отынды көсеушінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Жылу электр станциялары, құрамдастырылған өндіріс станциялары, қазандықтар Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсері, өндіріс орнында жарақат алау мүмкіндігі Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес. Жасы 18-ден кем емес, медициналық тексеру, құжатпен расталатын орындалатын жұмысқа сәйкес кәсіби дайындық, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына алдын-ала оқыту. СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 2 Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда еңбек тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындығы (білім беру ұйымы базасынла қысқамерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту) Еңбек өтіліне талап қойылмайды 3-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Отынды беру машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Жылу электр станциялары, құрамдастырылған өндіріс станциялары, қазандықтар Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсері, өндіріс орнында жарақат алау мүмкіндігі Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес. Жасы 18-ден кем емес, медициналық тексеру, құжатпен расталатын орындалатын жұмысқа сәйкес кәсіби дайындық, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына алдын-ала оқыту. СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 2 Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда еңбек тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындығы (білім беру ұйымы базасынла қысқамерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту) Еңбек өтіліне талап қойылмайды 3 Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту). Еңбек өтілі кемінде 1 жыл 4 Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім беру (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе Еңбек өтілі кемінде 1 жыл 4-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Отынды ұсақтау диірмені машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Жылу электр станциялары, құрамдастырылған өндіріс станциялары, қазандықтар Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсері, өндіріс орнында жарақат алау мүмкіндігі Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес. Жасы 18-ден кем емес, медициналық тексеру, құжатпен расталатын орындалатын жұмысқа сәйкес кәсіби дайындық, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына алдын-ала оқыту. СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 2 Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда еңбек тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындығы (білім беру ұйымы базасынла қысқамерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту) Еңбек өтіліне талап қойылмайды 3 Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту). Еңбек өтілі кемінде 1 жыл 5-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Отынды беру құрылғыларын жөндеу жөніндегі слесардің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Жылу электр станциялары, құрамдастырылған өндіріс станциялары, қазандықтар Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсері, өндіріс орнында жарақат алау мүмкіндігі Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес. Жасы 18-ден кем емес, медициналық тексеру, құжатпен расталатын орындалатын жұмысқа сәйкес кәсіби дайындық, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына алдын-ала оқыту. СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 2 Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда еңбек тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындығы (білім беру ұйымы базасынла қысқамерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту) Еңбек өтіліне талап қойылмайды 3 Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту). Еңбек өтілі кемінде 1 жыл 6-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Шаң дайындау цехтарындағы (отынды ұсақтау цехтарындағы) кептіру құрылғылары машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Жылу электр станциялары, құрамдастырылған өндіріс станциялары, қазандықтар Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсері, өндіріс орнында жарақат алау мүмкіндігі Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес. Жасы 18-ден кем емес, медициналық тексеру, құжатпен расталатын орындалатын жұмысқа сәйкес кәсіби дайындық, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына алдын-ала оқыту. СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 3 Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту). Еңбек өтілі кемінде 1 жыл 7-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Шаң дайындау цехтарындағы (отынды ұсақтау цехтарындағы) шаң сорғыштары машинистінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Жылу электр станциялары, құрамдастырылған өндіріс станциялары, қазандықтар Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсері, өндіріс орнында жарақат алау мүмкіндігі Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес. Жасы 18-ден кем емес, медициналық тексеру, құжатпен расталатын орындалатын жұмысқа сәйкес кәсіби дайындық, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына алдын-ала оқыту. СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 3 Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту). Еңбек өтілі кемінде 1 жыл 8-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Техник-жылу технигінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Жылу электр станциялары, құрамдастырылған өндіріс станциялары, қазандықтар Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсері, өндіріс орнында жарақат алау мүмкіндігі Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес. Жасы 18-ден кем емес, медициналық тексеру, құжатпен расталатын орындалатын жұмысқа сәйкес кәсіби дайындық, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына алдын-ала оқыту. СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 4 Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білімі (қосымша кәсіби дайындық), жұмыс тәжірибесі Еңбек өтілі 1 жылдан кем емес 5 Техникалық және кәсіби (орташа буын маманы) ортадан кейінгі білім, жұмыс тәжірибесі, немесе жоғары білімі Еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, жоғары білім үшін – жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды 9-кесте Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Инженер-жылу технигінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Жылу электр станциялары, құрамдастырылған өндіріс станциялары, қазандықтар Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Жоқ Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес. Жасы 18-ден кем емес, медициналық тексеру, құжатпен расталатын орындалатын жұмысқа сәйкес кәсіби дайындық, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына алдын-ала оқыту. СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 5 Техникалық және кәсіби (орташа буын маманы) ортадан кейінгі білім, жұмыс тәжірибесі, немесе жоғары білімі Еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, жоғары білім үшін – жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды 6 Жоғары білім, еңбек тәжірибесі Еңбек өтілі 1 жылдан кем емес   «Отынды дайындау, отынды беру» кәсіби стандартына 3-қосымша КС бірліктерінің тізімі 1-кесте «Отынды өлшеуші-қабылдаушы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Отынды салмақтау және өлшеу 2 Ф Құжаттама жүргізу 2-кесте «Қазандық торларындағы отынды көсеуші» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Әртүрлі жылу өнімділікті қазандықтарды іске қосу және көсеу 2 Ф Қызмет көрсетілетін құрылғылар жұмысын қамтамасыз ету 3 Ф Әртүрлі жылу өнімділікті қазандықтар оттығын, түтін қораптарын күлден, қоқыстан және ыстан тазалау 3-кесте «Отынды беру машинисті» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Қызмет көрсетілетін әртүрлі өнімділіктегі отынды беру (қатты және сұйық отынды) құрылғыларының жұмыстарын, соның ішінде басқару қалқанынан басқару және реттеу 2 Ф Әртүрлі өнімділіктегі отынды беру (қатты және сұйық отынды) құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін, соның ішінде басқару қалқанынан қамтамасыз ету 3 Ф Әртүрлі өнімділіктегі қатты және сұйық отындармен отынды беру құрылғылары жұмыстарындағы ақаулықтарды анықтау және жою 4-кесте «Отынды ұсақтау диірменінің машинисті» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Әртүрлі өнімділіктегі шаң-тоқаң дайындау жүйелерінің (диірмендердің) сенімді жұмысын қамтамасыз ету 2 Ф Диірменнің, желдеткіштердің, сеператорлардың, жетектердің, редукторлардың жұмысын қадағалау. Шаң-тозаң сынамаларын алу 3 Ф Төтенше жағдайларды жоюға қатысу 5-кесте «Отынды беру құрылғыларын жөндеу жөніндегі слесарь» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Әртүрлі квалитеттер (дәлдік класстарымен) бойынша бөлшектерді шақтау және жетілдірумен слесарлық өңдеу 2 Ф Отынды берудің негізгі және көмекші жөндеу құрылғыларының түйіндері мен механизмдерін, жүккөтергіш машиналар мен механизмдерді (ЖКМ жөндеуді қоса атқарып), пневматикалық және электрленген құралдар, құрылғылар және өлшеу заттарын пайдалана отырып бөлшектеу,қайта қалпына келтіру, жөндеу, жинау, реттеу және сынақтан өткізу 3 Ф Түйіндер мен бөлшектердің орын ауыстыруының тігінен және көлденең бойынша такелаждық жұмыстарын (ілушінің арнайы жұмыстарын, жүк көтергіш машиналарды төменнен басқаруды қоса атқара отырып), жүк көтергіш механизмдер мен арнайы аспаптардың көмегімен орындау 6-кесте «Шаң дайындау цехтарындағы (отынды ұсақтау цехтарындағы) кептіру құрылғыларының машинисті» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Отынды кептіру процесін жүргізу 2 Ф Құрылғы жұмысына байланысты ақаулықтар мен кемшіліктерді анықтау 7-кесте «Шаң дайындау цехтарындағы (отынды ұсақтау цехтарындағы) шаң сорғыштарының машинисті» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Отынды тасымалдау 2 Ф Эксплуатациялық қызмет көрсету және механизмдердің (шаң сорғыштары, кептіргіштер, компрессорлар), өлшеу аспаптарының жұмысына бақылау жүргізу 3 Ф Қызмет көрсетілетін құрылғы жұмысына байланысты ақаулықтар мен кемшіліктерді анықтау 8-кесте «Техник-жылу технигі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы 1 Ф Сенімді жұмысты қамтамасыз ету, оның қарамағындағы құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және бақылау жүргізу 2 Ф Жаңа әзірлемелер дайындау және қолданыстағы технологиялық процестерді жетілдіру жұмыстарына қатысу 3 Ф Бекітілген жұмыс аймағындағы өз қарамағындағы қызметкерлерге жетекшілік ету 4 Ф Техникалық құжаттама жүргізу 9-кесте «И