Білім • 08 Ақпан, 2023

Эстонияның теңіз академиясы Қазақстан студенттерін оқытуға дайын

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эстония мемлекетінің Экономика және коммуникациялар министрлігінің вице-канцлері Каупо Ляанерандтың елімізге ресми іссапары аясында Қазақстан-Эстония жұмыс тобының 2-ші отырысы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эстонияның теңіз академиясы Қазақстан студенттерін оқытуға дайын

Жиында екі ел арасындағы көлік және көлік-транзитінің әлеуетін арттыру, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы әріптестік байланысты нығайтудың жолдары талқыланды.

Ресми өкілдері Қазақстан мен Эстонияның көлік-транзиті бағытындағы ынтымағын арттыруда теміржол тасымалының маңызы зор екенін атап өтті.

Бұл ретте Балтық жағалауынан келген делегаттар Эстонияның теңіз академиясы Қазақстан студенттерін оқытуға дайын екендерін жеткізді. Бұдан бөлек аталған кездесуде екі елдің көлік жүйелері мен желілеріне, сондай-ақ осы саланы реттеуге байланысты тың ақпараттар айтылды.