Қазақстан • 08 Ақпан, 2023

Еріктілер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасы басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еріктілер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады

Сондай-ақ гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалалар мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады. 

ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:

  • Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар.
  • Термос, қол шамы, пауэрбанк.
  • Балаларға арналған жөргектер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).
  • Қысқы киім (ересектер мен балаларға, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа киімдер. 

рп

Қаржылай көмек келесі реквизиттер арқылы қабылданады:

Заңды тұлғалар үшін:

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

«Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ

БСН 120940015916

БИК: HSBKKZKX

Р/С: KZ23601A871001005521

Жеке тұлғалар үшін:

Kaspi.kz қосымшасында - Төлемдер - Қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек. 

Барлық сұрақтар бойынша «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің ақпараттық орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі 11/5, 505 кеңсе.

пр