ANTIKOR • 08 Ақпан, 2023

Арнайы ХҚКО қызметінде жемқорлыққа қатысты 18 қылмыстық іс тергелді

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы үш жылда Арнайы ХҚКО қызметінде жемқорлық сипаты бар 18 қылмыстық іс тергелді, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы ХҚКО қызметінде жемқорлыққа қатысты 18 қылмыстық іс тергелді

2020 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізуші куәліктерін заңсыз беруге және шетелдік автомобильдерді есепке қоюға байланысты 18 қылмыстық істі тергеді.

Мәселен, жүргізуші куәлігін беру кезінде 60 мыңға жуық заңсыз іс-әрекет жасалды, ал заңсыз әкелінген 2 мыңнан астам автокөлік есепке қойылды.

Қылмыстардың басым бөлігі Астана, Шымкент қалаларында, Ақмола, Қостанай және Жамбыл облыстарында жасалғаны анықталды. Нәтижесінде, 13 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Елордада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысатын Арнайы ХҚКО қызметкерлері мен азаматтық тұлғалардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Қылмыстық топ азаматтарды шетелдік автокөліктерді есепке қоюдың заңдылығына қатысты алдау жолымен, олардың ақшаларын ұрлап, 500-ге жуық көлік құралын заңсыз тіркеуді жүзеге асырды. Бір көлік құралын ресімдеу автокөлік жүргізушілеріне 400 мыңнан 1,6 млн теңгеге дейін шығын келтірді. Аталған адамдардың қылмыстық іс-әрекетінің нәтижесінде мемлекетке төленбеген мемлекеттік баждар мен алымдар түрінде шамамен 1 млрд.теңге сомасына залал келтірілді», делінген ANTIKOR хабарламасында.

Тергеу сотының санкциясымен қылмыстық топтың 9 қатысушысы, оның ішінде елордалық Арнайы ХҚКО басшысы қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.