Қоғам • 08 Ақпан, 2023

Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны қалай есептеуге болады?

536 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тағайындалған әлеуметтік төлемнің 10 пайызы зейнетақы қорына аударылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны қалай есептеуге болады?

Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны есептеу кезінде соңғы 24 айдағы орташа айлық кіріс мөлшері ескеріледі. Бұл туралы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел «Ашық диалог» порталында қойылған сауалға берген жауабында түсіндірді.

Қор директорының түсіндіруінше, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңның 24-бабы 4-тармағына сәйкес, бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері ананың соңғы 24 айдағы орташа айлық кірісінің 40 пайызын құрайды.

Орташа айлық кірісті есептеу формуласы: Орташа айлық кіріс = (Ай сайынғы табыс №1 + ай сайынғы табыс №2 + ай сайынғы табыс №3...... + ай сайынғы табыс №24) / 24

Мысалы, бала 2022 жылы 16 қарашада туса, әлеуметтік төлемнің мөлшерін анықтау кезінде әлеуметтік сақтандыру қорына 2020 жылғы қарашадан 2022 жылғы қазанға дейін түскен әлеуметтік аударымдар ескеріледі. Заңның 15-бабының 5-тармағына сәйкес, бір жұмыс берушіден төленетін әлеуметтік аударымдар ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. 2020-2021 жылдары ең төменгі жалақы – 42 500 теңгені, 2022 жылы – 60 мың теңгені құраса, биыл ол 70 мың теңгеге тең.

Сонымен қатар тағайындалған әлеуметтік төлемнің 10 пайызы зейнетақы қорына аударылады.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025