Әлем чемпионы атанған соң, Қазақстан атынан ресми жарыстарға қатыспаған Нора Астанада бақ сынайды. Осыған орай, ол жанкүйерлерге қазақша сөйледі. Аталған видео Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының ресми парақшасында жарияланды. «Сәлем! Мен - Нора. Қазақтың қара қызы. Кел, халқым, қолда», деді еліміздің көк туын жамылған желаяқ.
Айта кетейік, 10-12 ақпан аралығында Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өтеді. Ауқымды шараға 500-ден аса спортшы қатыспақ. Нора Джеруто 2022 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында кедергілер арқылы 3000 метрге жүгіруден әлем чемпионы атанды. Ол 2017 жылы Қазақстан құрамасына Кениядан ауысып келген.