АСТАНА. 18 маусым. Бүгін таң алдында Н тобындағы екінші ойын да ойналып, бірінші тур аяқталды. Онда Ресей және Оңтүстік Корея құрамалары кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Бұл туралы egeven.kz хабарлады.
Ресей – Оңтүстік Корея 1:1.
18 маусым. Куяба. «Арена Пантанал» стадионы. 37 603 көрермен.Төреші - Нестор Питана (Аргентина).
Ресей: Игорь Акинфеев, Андрей Ещенко, Василий Березуцкий, Сергей Игнашевич, Дмитрий Комбаров, Денис Глушаков (Игорь Денисов, 72), Виктор Файзулин, Александр Самедов, Олег Шатов (Алан Дзагоев, 59), Юрий Жирков (Александр Кержаков, 71), Александр Кокорин.
Оңтүстік Корея: Джун Сун, Рен, Ли Ен, Ким Ен Гвон, Хон Джон Хо (Хван Сок Хо, 73), Юн Сок Ен, Хан Гук Ен, Ли Чун Ен, Ку Джа Чхоль, Сон Хын Мин (Ким Бо Ген, 84), Пак Джу Ен (Ли Гын Хо, 56).
Голдар: Ли Гын Хо (68), Александр Кержаков (74).
Ескертулер: Олег Шатов (49) – Сон Хын Мин (13), Ки Сон Ен (30), Ку Джа Чхоль (90).
Ресей құрамасы үшін чемпионаттың бірінші ойыны өте ауыр болды. Оның Оңтүстік Корея құрамасымен ойыны бұл топта осал команданың жоқ екенін көрсетіп берді. Ал Фабиан Капеллоның шәкірттері өз мүмкіндіктерінен төмен ойнады. Бұған не себеп? Бәлки, Ресец құрамасы сапындағы екінші таймда алаңға шыққан Александр Кержаковтан басқа ойыншылардың әлем чемпионатында алғаш рет өнер көрсетіп жатқаны да аз рөл ойнамаған шығар? Тіпті Алжирге қарсы ойында Бельгия құрамасының жас ойыншылары да бірінші таймда «жанып» кетті. Ал ресейліктер көп нәрсеге қол жеткізе алмады. Олардың ойынына тұтастық, шабуылына өткірлік жетіспеді. Бұған қарағанда, корейлер жетпіс минуттай уақыт артықтау көрінді. Сондықтан олардың екінші таймның ортасында гол соғулары заңдылық секілді саналды. Рас, Ресей футболшылары ұтылушылар рөлінде көп бола қойған жоқ. Олар алаңға шыққанына үш қана минут болған Кержаковтың жауап доп соғуы арқылы таразы басын тез теңестірді. Бұл жаттықтырушының рокировканы өте дер кезінде және дәл жасағанын байқатты.
Айта кетуіміз керек, матчтың соңғы жағында орыстар инициативаны өз қолдарында ұстады. Алайда, олар шабуылды ақырына дейін сәтті жасай алмады. Былайынша, бұл кездесу тең нәтиже әділдік те болып табылады. Енді бәрін бұл төрттіктің 22 маусым күні ойналатын екі матчы шешеді. Онда Ресей құрамасы Бельгиямен күш сынасса, корейлер Алжирмен шайқасады.
Дамир Қожамқұл.
Дереккөз: Чемпионат.Ру.
Фото: Sportbox.ru.