Фото: Inbusiness.kz
Куәгерлердің айтуынша, Көктал шағын ауданында бала өзін агрессивті ұстап, қолындағы пышақпен өтіп бара жатқан адамдарға жақындаған.
Аталған дерек бойынша полиция тексеру жүргізіп, баланың жеке басын анықтады. Нәтижесінде, болған жағдай үшін оның заңды өкілі жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ оған баланы тиісінше тәрбиелемегені үшін айыппұл салынды. Іс материалдары аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды.
Құқық қорғау органдары ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі мен тәртібіне мұқият қарау қажеттігін ескертеді.
30 жерден пышақ сұққан: 7 баланың әкесін өлтірді деген күдікпен әйелі мен енесі ұсталды