Қадағалау органының мәліметінше, ол Жамбыл облысындағы тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінген.
«Қылмыс жасағаннан кейін аталған адам қылмыстық қудалау органдарынан қашып кетіп, оған халықаралық іздеу жарияланған еді. Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ ол жасаған қылмысына байланысты Қазақстанның қылмыстық заңнамасы бойынша 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.