Аймақтар • 09 Ақпан, 2023

Теңіз кенішінде жұмысшы қаза тапты

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Теңіз кенішінде «WEST DALA» компаниясына тиесілі «вакуум» цистернасы жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теңіз кенішінде жұмысшы қаза тапты

Жергілікті басылымның мәліметінше, оқиға салдарынан 37 жастағы жұмысшы қаза тауып, 30 жастағы екінші жұмысшы жарақат алған.

Атырау облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Айта кетейік, «WEST DALA» мұнай-газ, медицина және басқа да салалардағы өндіріс қалдықтарын жоюмен айналысады.