Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) ресми сайты титулды қорғаудың міндетті мәліметтерін ашты. Бәсекелестерге келіссөздер жүргізу үшін екі апта уақыт берілді.
«Супер орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек туралы хабарлаймыз. Боксшыларға 8-23 ақпан аралығында (15 күн) келіссөз жүргізуге уақыт берілді», делінген WBA ұйымының Twitter парақшасында.
Головкин IBF тұжырымы бойынша міндетті үміткер бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) кездесуі керек еді. Бірақ Қазақстан боксшысы бұл титулдан бас тартты, ал WBA балама нұсқа тапты.
Сонымен қатар Головкин мен Лара командалары келіспей қалған жағдайда WBA промоутерлік аукцион жариялайды.