Қазақстан • 09 Ақпан, 2023

Еліміздің бірқатар өңірі сейсмикалық қауіпті аймақта тұр

801 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы 5 жылда Қазақстанда 40 мыңға жуық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ТЖМ Сейсмология институты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің бірқатар өңірі сейсмикалық қауіпті аймақта тұр

Сейсмология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Нұрсәрсен Өзбековтің айтуынша, еліміздің бірқатар өңірі сейсмикалық қауіпті аймақта тұр. 

«Шығыс Қазақстан облысынан бастап, Қызылорда облысына дейін жерасты дүмпулері 7-9 баллға дейін жетуі мүмкін сейсмикалық қауіпті жерлер бар. Әсіресе Алматы облысы бұл жағынан Орталық Азиядағы өте қауіпті аймақта орналасқан. Бұрын бұл жерде күшті жойқын жер сілкінісі бірнеше рет болған. Мәселен, 1887 жылғы Верный жер сілкінісін және 1911 жылғы Кемин жер сілкінісін айтуға болады», деді ол. 

Сондай-ақ институт мамандары қазір еліміздің сейсмикалық қауіптілік картасын әзірлеп жатыр. Сейсмикалық аудандау, аймақтарға бөлу деп аталатын карталарда мұнда сейсмикалық қауіпті, сейсмикалық белсенді аймақтардың сейсмикалық әлеуетінің көрсеткіші  де көрсетіледі. Сонымен қатар басқа карталар да құрастырылған, оның ішінде елді мекендер үшін жасалған карталар бар.   Бұл ретте, Алматы қаласы  үшін  сейсмикалық микроаймақтандыру картасы әзірленді.

Нұрсәрсен Өзбековтың айтуынша, соңғы бес жылда Қазақстан аумағында сейсмикалық аспаптармен 40 мыңға жуық жер сілкінісі тіркелді. Бұл - геологиялық аймақтың сейсмикалық көріністегі өмірі.

Айта кетейік, соңғы бес жылда Қазақстан аумағында 66 сейсмикалық оқиға тіркелді. 2018 жылы – 20, 2019 жылы – 11, 2020 жылы – 15, 2021 жылы – 11, 2022 жылы – 9. Алматыда айқын сезілген соңғы жер сілкінісі 2022 жылдың 28 желтоқсанында Алматыдан 190 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытайдың шекаралас жерінде болды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025