Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен шағын бизнес субъектілеріне фармацевтикалық бақылау саласындағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR-дің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осылайша, жүйелі түрде пара алуда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысы мен бөлім басшысының міндетін атқарушы әшкереленді. Олардың заңсыз талабы бойынша шағын бизнес өкілдерінен фармацевтикалық қызметті (дәріхана бизнесін) жүзеге асыруға бас лицензиялар мен оларға қосымшалар бергені үшін жалпы сомасы 850 000 теңгеге пара алынғаны анықталды», деп жазылған хабарламада.
Антикор жемқорлықтың жолын кесу және анықтау, сондай-ақ бизнесті қорғау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып жатыр.
Елімізде «Жер сағаты» акциясы өтеді
Қоғам • Кеше
Биылғы Ораза кестесі жарияланды
Дін • Кеше
Алматы облысында Наурыз мерекесі кең көлемде атап өтілді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар