2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын ел аумағынан экспорттау шарттары айқындалды.
Жаңа шарттарға сәйкес келесі сандық шектеулер (квоталар) енгізілді:
- 60 000 бас мөлшерінде бұқашықтарды әкетуге (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102)
- қошқарлар (тауар номенклатурасының коды 0104) саны 120 000 бас.
Ведомство басшысының бұйрығына сәйкес 12 айдан асқан бұқалар мен 6 айдан асқан қойлар үшін квоталар белгіленді.
1 бордақылау алаңына ІҚМ бойынша лимит – 500 басты, 1 тауар өндірушіге – 200 басты, 1 бордақылау алаңына ІҚМ бойынша – 1000 басты, 1 тауар өндірушіге – 500 басты құрайды.