Аймақтар • 09 Ақпан, 2023

Семейде қоғамдық көлік жол апатына ұшырады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 ақпан Семей қаласы Аэропортовская көшесінде 62 жастағы Dong Feng автобусының жүргізушісі бұрылыс маневрін жасау кезінде, жол бойындағы ВАЗ 2114 көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейде қоғамдық көлік жол апатына ұшырады

Жол-көлік орқиғасы салдарынан ВАЗ 2114 жүргізушісі медициналық көмекке жүгінген.

Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі «Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жол жүру ережесін елемеген жүргізуші 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.