Елордалық ТЖД мәлім еткендей, 9 ақпанда сағат 13:57-де өрт сөндірушілер өртті сөндіру үшін Айнакөл көшесі, 149 мекенжайына барған.
«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес минуттан кейін шамамен 200 шаршы метр аумақта жеке үйге жапсарлас салынған бір қабатты ТҚК орталығының ғимараты жанып жатқанын анықтады», деп жазады елордалық ТЖД баспасөз қызметі.