Ауа райы • 09 Ақпан, 2023

Еліміздің тоғыз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

309 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазгидромет ертең еліміздің тоғыз өңірінде ауа райы нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің тоғыз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктердің мәліметінше, Алматы облысының солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады, қалың қар жауады. Облыстың батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Қонаевта оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Ақтөбе облысының батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік батыс бағыттан соққан желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді.

Абай ауданының оңтүстігінде және орталығында қалың қар түседі, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қалың қар түсіп, боран болады. Түнде облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жетісу ауданының оңтүстігі мен таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, өңірдің оңтүстігі мен таулы аймақтарында көктайғақ болады.

Облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жетеді. Талдықорғанда түнде және таңертең жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік батыстан соққан желдің түнде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік батыстан 20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында, сондай-ақ Орал қаласында да тұман болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде оңтүстік батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен қатты жел соғады деп болжанады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстік-шығысында, сондай-ақ Павлодар қаласында да тұман болады.