19 Маусым, 2014

Партия фракциясының кеңейтілген отырысы

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы фракциясының кеңей­тілген жиналысы өтіп, онда үдемелі индустриялық-инно­ва­циялық даму бағдарламасының алғашқы 5 жылдық нәти­желері және екінші 5 жылдық кезеңнің жоспары талқыланды. Жиналысқа қатысқан Пар­ла­мент Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» пар­тиясының Парламент Мәжі­лісіндегі фрак­циясының же­тек­шісі Дариға Назарбаева ин­дус­триялық да­му біздің еліміздің тұрақты эко­но­микалық өсуінің негізі екенін атап өтті. Тақырып төңірегінде Пре­мьер-Ми­нистрдің орынбасары – Ин­дустрия және жаңа тех­нология­лар министрі Әсет Исе­кешев баяндама жасады. Оның атап өткеніндей, үдемелі ин­дустриялық-инновациялық да­му бағдарламасы жаңа индустриялы саясаттың негізін қалады. Аталған мерзім ішінде 2,5 трлн.теңге көлемінде 651 жоба іске асырылған, 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бағдарламаның екінші ке­зеңінде жемісті жұмыс өз жал­ғасын тауып, жаңа табыстарға қол жеткізілмек. Халық қалаулылары бірінші кезең барысында орын алған ол­қы­­лықтарды атап көрсете оты­рып, ол алдағы уақытта сабақ болу ке­ректігін ескертті. Депутаттар бағдарламаның екінші кезеңін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелерін қозғай отырып, нақты ұсы­ныс­тарын жеткізді. Жиналысқа, сондай-ақ, бір­қатар министрліктердің, даму институттарының, Ұлттық кә­сіп­керлер палатасының өкілдері қатысты, деп хабарлады Мә­жі­лістің баспасөз қызметі.