Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.
Отырыста хаттамалық сараптамалардың орындалуына, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға және одан айыруға, сондай-ақ, келіп түскен өтініштерді қарауға қатысты мәселелер қаралды.
Жиынға қатысушылар Республикалық комиссияға шетелдік тағылымдамаға жіберілетін қызметкерлер санатын анықтау жөніндегі функцияны бекітіп берудің мақсаттылығы туралы шешім қабылдады. Білім және ғылым министрлігіне нормативтік-құқықтық базаға қажетті өзгерістер енгізу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Комиссия шешіміне сәйкес, 201 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».