Қоғам • 10 Ақпан, 2023

Нұрлан Мәсімов екі іс бойынша кінәлі деп танылды

369 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты Павлодар облысы ІІД бұрынғы бастығына қатысты екі істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрлан Мәсімов екі іс бойынша кінәлі деп танылды

Оған бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған және игерген деген айып тағылды.

«2021 жылы департамент 18 қызметтік жылқыға жем-шеп сатып алуға 60,9 млн теңге бөлгенін анықтады. Алайда ол норманы бұза отырып, нормадан тыс 10,7 млн теңгені жоспарлаған. Яғни 2022 жылы жем-шөпке 13,4 миллион теңге бөлінсе, 8,5 миллион теңге нормадан артық қосылған. Сотта тиімсіз жоспарлау бюджет ақшасының тиімсіз жұмсалуына әкелді  деген шешім шығарды. Сонымен қатар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысының кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, тексеру актісімен, тексеру комиссиясының материалдарымен, айғақтармен және сот зерттеген басқа да дәлелдемелермен дәлелденген. Сот ҚР ӘҚБтК-нің 234-1 бабы бойынша кінәліге әр іс бойынша 214,4 мың теңге айыппұл салды», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ сот Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау кезінде процессуалдық нормаларды бұзғаны үшін жеке ұйғарым шығарды.

Еске салайық, өткен жылдың шілде айында іздеуде жүрген полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған кезінде ұсталған. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар жасады деп айыпталып, оған ҚР ӘҚБтК-нің бір бабы бойынша тағы екі іс қозғалды. Биылғы жылдың қаңтар айында полиция басқармасының экс-басшысына қатысты істер қаралды. Павлодар облысының мамандандырылған әкімшілік сотының ұйғарымымен Нұрлан Мәсімов қызметінен уақытша шеттетілді. Кейін Нұрлан Мәсімовтің ісі Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына қайтарылды.