19 Маусым, 2014

Ақпараттар ағыны

221 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
● Жыл басынан өңдеу өнер­кә­сiбiнде 35 млрд. теңгенiң жоба­ларын несиелеу мақұлданды. Олар 116 жобаны құрайды. Бұл туралы мәлімдеген Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ер­болат Досаев қазірге дейін 56 жо­баның 6,6 млрд. теңге қаржы алғанын да айтты. ● Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жыл басынан бері 31,1 млрд. долларға жетті. Импорттың қысқаруы мен экспорттың өсуі нә­тижесінде ағымдағы операциялар шотының профициті өткен жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда, 2,5 есеге өсіп, 5,5 млрд. долларды құраған. ● Астана күнін атап өтуге ша­ма­мен 700 млн. теңге бөлінді. Ас­тана қалалық мәдениет басқар­ма­сының басшысы Болат Мажа­ғұ­лов­тың айтуынша, жыл сайын бұл шы­ғын­ның көлемі қысқарып келеді. ● Алматыда 5 айда негізгі капиталға 146 млрд. теңге инвестиция салынды. Оңтүстік мегаполистің кәсіпорындары мен ұйымдары игерген инвестиция үлесі республикалық көлемнің 7,9 пайызы болады. ● Қызылордада «Алтын белгі» иегерлері марапатталды. Ұлттық бірыңғай тестілеуде өз білімдерін дәлелдеген 94 түлекке облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Алтын белгіні» салтанатты түрде табыстады. Ол сонымен қатар, барлық өрендерге арнайы төсбелгі тағып, ноутбук сыйлады. ● Шығыс Қазақстан облы­сында өткен бес айдың қоры­тын­дысы шығарылды.  Оның қоры­тын­дысына арналған жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аймақта әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша ілгерілеу орын алғанын атап өтті. Тек тау-кен өнеркәсібінде ғана артта қалушылық кездесті. Сол сияқты Семей қаласы мен Глубокое ауданында назар аударатын тұстар бар. Осыған орай аймақ басшысы тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. ● Оңтүстіктің Сарыағаш ауданында банан өсіп, киви гүлдеді. Жергілікті шаруалар жергілікті ауа райында тропикалық аймақтарда ғана кездесетін өсімдіктерді өсіре бас­тады. Аудан тұқымбағындағы киви, банан, анар, құрма, лимон секілді өскіндер бұл жерді жерсінгенін байқатты. ● Қостанайдың Затоболында кондитерлік фабрика салынып жатыр. Облыстың Қостанай ауданында бой  көтерген бұл нысан осы жылдың қараша айында іске қосылады. Онда нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер дайындалады. Хабарлар BNews.kz, Аltaynews.kz, Аlau.kz, Egemen.kz агенттіктері, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстық әкімдіктері сайттарының деректері бойынша дайындалды.