Спорт • 10 Ақпан, 2023

Қазақстан спортшысы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан спортшысы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан спортшысы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Бүгін Астанада басталған құрлық біріншілігінде Қазақстан спортшысы Каролин Чепкоеч Кипкируй жеңімпаз атанды.

Ол 3000 метрге жүгіруде бәрін басып озды. Ол бұл қашықтықты 9:01,98 секундта бағындырды. «Күміс» қытайлық Уга Хэдің еншісіне кетсе, «қола» жапониялық Юма Ямамотоға бұйырды.