Коронавирус • 11 Ақпан, 2023

97 адамнан коронавирус анықталды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде бір тәулікте 93 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған және коронавирус белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

97 адамнан коронавирус анықталды

11 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирустан 1 670 адам (коронавирус (КВИ+) –1 508, пневмония (КВИ-) – 162) емделіп жатыр. Оның ішінде 137 пациент стационарда, 1 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 6 адамның жағдайы ауыр,
  • 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.