Алдын ала болжам бойынша, жеке тұрған газгольдерден газ ағып, жақын маңдағы қазандыққа тараған. Қызыл жалын жалпы 75 шаршы метр аумақты шарпыды.
Өрт кезінде 2 ер адам зардап шекті. Өрттің себебі анықталып жатыр. Тілсіз жаумен күреске барлығы 8 техника мен жеке құрамнан 27 адам жұмылдырылған.