Жеңіл атлетика • 11 Ақпан, 2023

Ольга Сафронова Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында 60 метрге жүгіруде қазақстандық Ольга Сафронова күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ольга Сафронова Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ол бұл қашықтықты 7.32 секундта жүгіріп өтті. Ирандық спортшы Фарзане Фасихи 7.28 секунд нәтижесімен қарсылас шақ келтірмесе, индонезиялық Валентин Ванеза 3-орын (7.37 секунд) иеленді.

Бұл Қазақстан қоржынына түскен 2-ші медаль екенін атап өту керек.