Маусымның 18-інен 19-ына қараған түні Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатында ойынның кезегі ең соңғы Н тобына келіп жетуімен бірге, алдыңғы топта екінші турдың ойындары да басталып кетті. Осының ыңғайында Бельгия – Алжир, Ресей – Оңтүстік Корея командалары бірінші рет алаңға шықса, Бразилия мен Мексика өзара екінші ойындарын өткізді. Осы үш кездесудің қорытындылары бойынша біріншіліктегі тең нәтижелер саны 3-ке жетіп, жаһандық жарыстағы ең жиі қайталанып отырған 2:1 көрсеткішінің қатары 6-ға толды.
Бұл жарыс күнінің шымылдығын Бельгия мен Алжир құрамалары ашты. Мұндағы екі тайм екі түрлі қалыпта өрбуімен есте қалды. Оның бірінші бөлігінде бұлардың алдыңғыларының біраз «жанып кеткені» белгілі болды. Соның салдарынан «қызыл перілер» өзінің осы квартеттің фавориті деген мәртебесіне сай қимыл көрсете алмады. Олар алғашқы 45 минуттықта Аксель Витсельдің алыстан ұрған бір соққысымен және Насер Шадли туғызған бір мүмкіндікпен шектелді. Оның есесіне, «екінші нөмірмен» ойнаған Алжир футболшылары әлсін-әлсін қарсы шабуылдарға шығып тұрды. Сондай жорықтардың бірінде Софиан Фегули қарсы қақпаға пенальти белгіленуіне қол жеткізді. Оны 25-минутта өзі дәл ұрып түсірді.
Алайда, осы голдан кейін «шөлдің түлкілері» қарсы шабуылдарын біржола үзгендей кейіп танытты. Ал екінші таймда Марк Вильмотстың жігіттері ойын тактикасы мен схемасын шұғыл өзгертіп, алаңға мүлдем жаңа жасақ келгендей әсер қалдырды. Осы тұста Дрис Мертенс, Дивок Ориги және Маруан Феллайни бастаған футболшылар Бельгия құрамасы үшін бірінші таймда қол жете қоймаған ойындардың үлгісін көрсете бастады. Олардың сәт сайын қысымы арта түскен тегеурініне алжирліктердің қорғаныс шебі шыдас бермеуге айналды. Ақырында Кевин де Брюйненің пасынан кейін Феллайни 70-минутта баспен соққы жасап, таразы басын теңестіріп кетті. Ал арада тура 10 минут өткенде Эден Азардан доп алған Мертенс екінші голдың авторы атанып шыға келді. Есеп – 2:1. Жағдайдың бұлай өзгеруіне дайынсыз Алжир құрамасы ойынның бетін қайтып өздеріне аудара алмады.
Осыдан кейін Бразилия мен Мексика құрамалары екінші турдың ойындарын бастады. Бұл ойын чемпионаттағы тең ойын қатарын екіге көбейтумен бірге, алғаш рет 0:0 деген есепті де тіркеді. Матч барысында Сколари шәкірттері аумақ жағынан да, бастама жағынан да, допты көп ұстау жағынан да едәуір басым болды. Олардың есеп ашатындай мүмкіндіктері де аз болған жоқ. Бірақ соның бәрінің соңғы шебінде мексикалықтардың қақпашысы Гильермо Очао қас қақпай тұрды. Тұтасынан айтқанда, «селесао» жалпы басым болғанымен, дәл маусымашар матчтағыдай тегеурін мен жігер таныта алмады.
Осындай ауыр ойынды кеше таң алдында Корея командасымен алаңға шыққан Ресей құрамасы да бастан кешіп, тең ойын санын 3-ке толтырды. Бұл шайқас чемпионатта осал қарсыластың жоқ екенін байқатты. Дегенмен, Фабио Капеллоның сарбаздары өз мүмкіндіктерінен төмен ойын көрсетті. Олар кездесудің біраз бөлігінде белсенді қимыл көрсеткен корейлердің бірінші болып гол соғуларына да жол беріп қойды. Оны 68-минутта Ли Гын Хо қақпашы Игорь Акинфеевтің өрескел қателігінен кейін түсірді. Содан кейін жаттықтырушы алаңға Александр Кержаковты шығарды. Команданы жеңілістен құтқарып қалған да осы шабуылшы болды. Ол 74-минутта есепті теңестірді.
Кеше түнде Австралия – Голландия, Испания – Чили, ал бүгін таң алдында Камерун – Хорватия командалары өзара екінші турдың ойындарын ойнады.
Бетке қол қойылғанға дейін Голландияның Австралияны 3:2 етіп ұтқаны белгілі болды.
Серік ПІРНАЗАР,
«Егемен Қазақстан».

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше