Жеңіл атлетика • 12 Ақпан, 2023

Азия чемпионатында биіктікке секіруден ел қоржынына үш медаль түсті

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азия чемпионатында әйелдер арасында биіктікке секіруден жүлделі орындарды Қазақстан спортшылары иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия чемпионатында биіктікке секіруден  ел қоржынына үш медаль түсті

Надежда Дубовицкая - 1.89 (алтын)
Кристина Овчинникова - 1.89 (күміс: мүмкіндік саны бойынша есе жіберді)
Елизавета Матвеева - 1.84 (қола)

Айта кетейік, мұндай жағдай Азия біріншілігінің тарихында алғаш рет болып отыр. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде бар.