Елорда • 13 Ақпан, 2023

Елордада жүрегі тәулігіне 53 рет тоқтаған науқас аман қалды

848 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

№2 қалалық көпсалалы аурухананың дәрігерлері науқастың өмірі үшін 35 күн бойы күрескен. Бір тәулік ішінде оның жүрегі 53 рет тоқтап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада жүрегі тәулігіне 53 рет тоқтаған науқас аман қалды

Науқас 6 қаңтар күні миокард инфарктісі бойынша жедел жәрдем көлігімен өте ауыр жағдайда №2 Көпбейінді ауруханаға шұғыл түрде жеткізілді. Түскен сәттен кейін 10 минут ішінде оған ота (каронарография және стенттеу) жасалды.

Қан айналымы үнемі тоқтап тұрды. Дәрігерлер күні-түні науқастың жүрегін қалпын келтірумен айналысты. Жүрек қағысы бір күнде 53 рет тоқтады. Жасанды жүрек пен өкпе қызметін атқаратын ЭКMO (экстракорпоральды мембраналық оттегімен қанықтыру) қосуға тура келді.

Дәрігерлер 35 күн бойы пациенттің жанынан кетпеді, тұрақты бақылау жүргізілді. Осы уақыт ішінде қан кету болды, содан кейін қабыну реакциясы, сепсис және жүйелік көп мүшелік жеткіліксіздік пайда болды.

«Науқасты о дүниеден бірнеше рет қайтарып алу, оны аяққа тұрғызып қана қоймай, дененің барлық қызметін сақтау мүмкін болды. Мұндай операцияларды тіпті бірнеше рет жасаған тәжірибелі реаниматологтар «медициналық ғажайып» деп атайды», деп атап өтті кардио бит бөлімінің меңгерушісі Расул Сағынаев.

Қазіргі уақытта науқас тұрақты және интервенциялық кардиология бөліміне ауыстырылды.

«Науқас аман қалды, қуанышымызға орай, миына зиян келген жоқ. Ол үшін қабылдау бөлмесі дәрігерлерінің, интервенциялық кардиологтардың, кардиохирургтардың, кардио БИТ кезекші дәрігерлерінің (Руслан Қалиев, Қасқыр Наурыз, Лунара Қадырова, Ришат Айтқали), медбикелер мен санитарлардың үлкен командалық жұмысы жасалды. Біз үшін бұл үлкен жеңіс», деп атап өтті аға кардио ординаторы Сәбит Айнамқұлов.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025