Жеңіл атлетика • 13 Ақпан, 2023

Астанада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан спортшылары 12 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды

Бірінші сатыға Элина Михина (400 метр), Каролин Кипкируи (3000 метр), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру), Давид Ефремов (60 метр кедергілермен) көтерілді.

Күміс медальдарды Ольга Сафронова (60 метр), Кристина Овчинникова (биіктікке секіру), Михаил Литвин (400 метр) жеңіп алды.

Үшінші орынды Елизавета Матвеева (биіктікке секіру), Ақбаян Нұрмамет (1500 метр), Шедрак Кимутай (3000 метр) иеленді.