13 ақпанға қараған түні елордадан 12 мың текше метрден астам қар немесе 915 рейс шығарылды.
Дүйсенбі күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Қыс басынан бері қар полигондарына қаланың коммуналдық қызметтері 3,13 млн текше метр қар шығарды, бұл – 251 059 ауыр жүк көлеміне тең.
Жұмыс қаланың барлық төрт ауданында, оның ішінде елді мекендерде біркелкі жүріп жатыр. Тұрғындардың ыңғайы үшін жолдарға, тротуарларға, алаңдарға құм-тұз қоспасы себіледі.