Қоғам • 14 Ақпан, 2023

Балтамен шабуыл жасаған оқушыға қатысты жаңа деректер шығып жатыр

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдағы мектептердің бірінде оқушыларға шабуыл жасаған жасөспірім «Лесоруб» ойынын ойнауы мүмкін. Алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мұндай нұсқаны да тексереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балтамен шабуыл жасаған оқушыға қатысты жаңа деректер шығып жатыр

№4 мектепте болған төтенше жағдайдан кейін әлеуметтік желіде шабуылға «Лесоруб» ойыны себеп болуы мүмкін екені айтылды. 

СҚО прокуратурасының мәліметінше тергеу барысында бұл нұсқа да тексеріледі.

- «Лесоруб» ойынына қатысты нұсқа тексеріледі. Барлығы тергеу аясында белгілі болады. Тексеру шаралары қабылданып жатыр», деді облыстық прокуратура аппаратының басшысы Шолпан Әбдірахманова.

Еске салайық, 13 ақпанда Петропавлдағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы балта мен пышақ алып келіп, үш баланы жарақаттаған.

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше