Тағайындау • 14 Ақпан, 2023

Жаңа әділет вице-министрлері тағайындалды

297 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Үкімет қаулысымен Даниель Ваисов пен Ботагөз Жақселекова әділет вице-министрлері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа әділет вице-министрлері тағайындалды

Даниель Ваисов «Әділет» Жоғары құқық мектебін, Нархоз университетін, Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Мемлекеттік кіріс министрлігінің жеке шарты бойынша оператор лауазымынан бастаған. 2002 жылдың наурыз-қазан айлары аралығында ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық төлеушілермен жұмыс департаменті салық заңнамасын түсіндіру басқармасының салық төлеушілермен жұмыс істеудің тиімді әдістерін әзірлеу және енгізу бөлімінің бас маманының м.а., салық заңнамасын түсіндіру бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

Сондай-ақ ол Қаржы министрлігі Салық комитетінің салықтық бақылау басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы (2002-2003 жылдар), 2003-2010 жылдары - халықаралық келісімшарттар департаментінің заңгері, құқықтық қамтамасыз ету департаментінің аға заңгері, халықаралық келісімшарттар департаментінің бас заңгері, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ халықаралық келісімшарттар Департаментінің бірінші санатты заңгері болды.

2010 жылдан 2020 жылға дейін Даниель Ваисов жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2020 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ сатып алуды бақылау жөніндегі орталық қызметінің басшысы қызметін атқарды.

Ботагөз Жақселекова А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген, Exeter University, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында білім алған.

Еңбек жолын 2001 жылы Әділет министрлігі кадр жұмысы басқармасының маманы қызметінен бастаған. 2002-2007 жылдары ҚР ӘМ құрылымында әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2007-2012 жылдары - ҚР ӘМ заңнама департаменті директорының орынбасары. 2012-2013 жылдары - ҚР ӘМ мемлекеттік мүлікті құқықтық қорғау департаментінің бас сарапшысы. 2013-2015 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті меңгерушісінің орынбасары, заң бөлімінің меңгерушісі.

2015-2017 жылдары «СК-Фармация» ЖШС стратегиялық даму және қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы, Басқарушы директор, стратегия, талдау және халықаралық қатынастар департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2017-2018 жылдары - Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің төрағасы. 2018-2019 жылдары - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2019-2020 жылдары - ҚР ДСМ жауапты хатшысы.

2021 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ботагөз Жақселекова жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2023 жылдың 13 ақпанында Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Ақерке Ахметова басқа жұмысқа ауысуына байланысты әділет вице-министрі қызметінен босатылғаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025