Әлем • 14 Ақпан, 2023

Қазақстан Сирияға тағы да гуманитарлық көмек жіберді

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстаннан гуманитарлық көмек тиелген үшінші ұшақ дүйсенбі күні кешке Алеппо әуежайына қонды. Көмек ҚР Ұлттық ұланының авиациясымен барып, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арқылы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Сирияға тағы да гуманитарлық көмек жіберді

Бұл жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына көмек көрсетуге аттанған үшінші ұшақ. 

Бұған дейін гуманитарлық жүк тиелген екі ұшақ Сирияға зардап шеккендерге шатыр, көрпе және басқа да қажетті заттарды апарған. Алғашқы жүк Алеппо әуежайына 10 ақпан күні кешке жетті. Тасымалдау рәсіміне Алеппо губернаторының орынбасары, әуежай директоры, Сирия Қызыл Крестінің өкілдері және Қазақстанның Ливандағы елшісі қатысты.

Сирияға гуманитарлық көмек тиелген төртінші рейс бір күннен кейін барады. 

Бір күн бұрын IOFS бас директоры Сирияның денсаулық сақтау министрі Хасан әл-Габбашпен және Алеппо мэрі Хусейн Диябпен кездесті. Сирия тарапы Қазақстанға көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді.