Спортшылардың бұл турнирге қатысуы 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпай жинау тұрғысынан маңызды.
Ақтық сынға шығар алдында Ғұмар Қырғызбаев Болгария, Германия, Ұлыбритания және Италия спортшыларын жеңді. Ғұмар Қырғызбаев 9 минутқа созылған шешуші жекпе-жекте ғана украиналық Микита Холобородькоға есе жіберіп, жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді.
Жарысқа әлемнің 46 елінен 396 дзюдошы қатысқанын айта кеткен жөн. Еліміздің атынан 9 спортшы бақ сынады.