Кітапхана қызметкерлері авторлармен келісіп, түрлі жанрда жазылған туындыларды жинақтады. Жиналған кітаптар елді мекендерге жөнелтіледі. Алғашқы кітап қоры Түркістан облысындағы кітапханаларға тапсырылады.
Іс-шара халық арасында кітап оқу мәдениетін насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға деген сұранысты арттыру үшін ұйымдастырылды.