Төтенше жағдай • 14 Ақпан, 2023

Қазақстан құтқарушылары үйінді астынан 85 адамның мәйітін шығарды

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіле бастаған күннен бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 85  адамның, оның ішінде 10 баланың денесі үйінді астынан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құтқарушылары үйінді астынан 85 адамның мәйітін шығарды

«Қазір Қазақстан ТЖМ құтқарушылары екі елді мекенде іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қираған үйлердің орнындағы үйінділердің арасын ашу жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылар тұрақсыз құрылымдарды бөлшектеу және арнайы кескіштің көмегімен жол тазарту және қирандылардың астынан зардап шеккендерді іздеуді жеңілдету үшін үйінділердің астындағы арматураны кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл бетон, арқалықтар және басқа да құрылыс қалдықтарын бөлшектеп, арнайы техникаға жүктеуді жеңілдету үшін жасалады», делінген ведомство хабарламасында.

Газиантеп қаласында бірінші эшелонмен барған құтқарушылар тәулік бойы, ауысыммен жұмыс істеп жатыр.