Президент • 14 Ақпан, 2023

Мемлекет басшысы Степногорск қаласының ЖЭО жұмысымен танысты

304 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президентке «Степногорск жылу электр орталығы» ЖШС-нің техникалық жай-күйі және Ақмола облысындағы жылыту маусымының барысы жөнінде  мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Степногорск қаласының ЖЭО жұмысымен танысты

Жылу энергетика нысанының бірінші кезеңі 1966 жылы пайдалануға берілген, ал жаңа өндірістік қуатын іске қосу 1989 жылға дейін жалғасқан.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, өңір бойынша Степногорскіде бір ЖЭО бар және 663 қазандық жұмыс істейді. Қазандық жабдықтарының орташа тозу деңгейі 50 пайызға жеткен. 9 жылу көзінің пайдаланылып келе жатқанына 50 жылдан асқан, ал 637 қазандықтың  іске қосылғанына 25 жылға жуықтаған.  Степногорск қаласындағы жылу желілерінің 82 пайызы тозған. Ақмола облысында жылыту маусымы аяқталғаннан кейін барлық жылу желісіне және қазандық жабдықтарына техникалық тексеру жүргізіледі.

Облыс әкімінің баяндамасын тыңдаған Президент Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға әкімдікпен бірге Степногорск қаласын жылумен қамту мәселесінің шешу жолдарын егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды. 

– Роман Васильевич, Сіз әкімдікпен бірге отырып, осы мәселелерді шешу үшін іс-әрекеттер алгоритмін әзірлеуіңіз керек. Бұл жағдайда бәрінің де – иелерінің де, әкімдіктің те, оператордың  да тығырыққа тірелгені байқалады. Аталған мәселелерді дәл қазір асығыс шешпеуіміз керек. Сіз маған баяндадым деп есептеңіз. Енді осы мәселені шешумен айналысу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Көкшетау қаласындағы ЖЭО құрылысына қатысты тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берілді. Облыс әкімі Үкіметпен бірлесіп, жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. ЖЭО-ның қуаттылығын сағатына 520Гкал жылу мен 240MBт электр энергиясын өндіретін деңгейге дейін ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025