Әлем • 15 Ақпан, 2023

Түркияда үйінді астында 198 сағат жатқан жасөспірім құтқарылды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Адыяман қаласында зілзаладан кейін арада 198 сағат өткен соң, үйінді астынан 18 жастағы Мухаммед Джафер Четин құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

 

Түркияда үйінді астында 198 сағат жатқан жасөспірім құтқарылды

Құтқару бригадасы Абдул Муса көшесінің бойындағы жеті қабатты тұрғын үйдің үйіндісі астынан жас жігітті тапқан. Олар сегіз күннен астам уақыт қиранды астында жатқан Четинді бірден ауруханаға жеткізген.

Осыған ұқсас оқиға 1992 жылы 13 наурызда болған еді. Ол кезде Түркияның Эрзинджан провинциясында жер сілкініп, үйінді астында 187 сағат жатқан Нурджан Эраслан есімді медбике құтқарылған болатын.

Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарын еске алу үшін Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Түркияның мемлекеттік туы бүкіл елде жартылай түсірілді.

Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Кипрдің Түрік Республикасы, Грекия Кипрінде және Иракта да сезілді.

Айта кетейік, 6 ақпанда эпицентрі Түркияның Кахраманмараш қаласында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны бүгінде 31,6 мыңнан асты.