
Олжас Сәкенов Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. «Болашақ» бағдарламасы арқылы Пенсильвания университетінің магистратурасында «Халықаралық білім беруді дамыту» мамандығы бойынша білім алған.
Ол сондай-ақ Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Олжас Сәкеновтің «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларында, білім беру саласындағы ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар. «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК-ның инвестициялық жобалар орталығын басқарды. Бұған дейін Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында жұмыс істеді.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.